Компьютерлік томографияны жүргізу үшін рентгенологиялық жабдықтар бойынша ақпарат беруге сұраныс

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Дүниежүзілік Банк) бірлесіп қаржыландырады, және аталған жоба 2017-2021 жылдар кезеңінде жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты — қызмет көрсету жүйесінің қол жетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыруға жәрдемдесу және денсаулыққа байланысты елеулі проблемаларға байланысты халық үшін қаржылық тәуекелдерді азайту болып келеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Атқарушы агенттік болып табылады.

 

Елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Министрлік компьютерлік томография жүргізу үшін рентгенологиялық жабдықтарды сатып алуға қаражаттың бір бөлігін пайдалануға ниет білдіруде:

«Нарықты зерттеу және сатып алу мүмкіндігі мақсатында осы хабарлама арқылы келесі ақпаратты ұсынуды сұраймыз:

  1. Жоғары аталған жабдықтың (жабдық жаңа болуы тиіс) іс жүзінде бар болуы, сондай-ақ жабдықтың моделі мен өндірушілер туралы ақпаратты, ұсынылатын бағаларды (зауыттың құнын қоса алғанда) және жабдықты жеткізудің ең жоғары мерзімділігі.
  2. Бір ай мерзімде жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат.

Ақпаратты 13.04.2020 жылға дейін электронды пошта арқылы мына мекенжайға жіберуді сұраймыз: kazhealth.procurement@gmail.com.